«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады
Республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады
Синоптиктер 26-28 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады. 26 шілдеде батыста, 27-28 шілдеде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл, бұршақ болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Күндізгі уақытта республиканың батыс өңірлерінде ауа температурасының +25 +35°С-тан +30 +40°с-қа дейін көтерілуі күтілуде, ал елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасының күндіз +30 +35°С-тан +20 +30°с-қа дейін біртіндеп төмендейді.
Қазақстанның орталығында ауа температурасы +30 +38°С-тан +27 +35°С-қа дейін төмендейді, елдің шығыс облыстарында болса ауа температурасы +22 +32°С-тан +27 +38°С-қа дейін көтеріледі.
Ал Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында өте қатты ыстық, +40 +45°С сақталады.