Абай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Ол Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр және Алматы аудандарының әкімі болған
Абай облысы әкімінің орынбасары лауазымына Нұрбол Нұрсағатов тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша және облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың өкімімен Нұрбол Нұрсағатов әкімнің орынбасары болып тағайындалды», - делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Нұрбол Төлегенұлы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жол институтын бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінде бастаған.
2008-2011 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
ШҚО әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасының, Алматы қалалық құрылыс басқармасының, Нұр-Сұлтан қаласы қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы қызметтерінде тер төкті.
Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр және Алматы аудандарының әкімі болған.