23.07.2022, 00:58
Жаңалықтар
Ақмола облысында туберкулез жұқтырғандар саны көбейді
Өңірде 6 баладан туберкулез анықталды
фото: www.gov.kz
Ақмола облысында туберкулез жұқтырғандар саны өткен жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда 1,04 есеге артқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жаңадан анықталған туберкулездің 168 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 22,9-ды құрады. Қазақстан бойынша 6 айдағы көрсеткіш -19,62», - деп көрсетті Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
Сырқаттанғандардың көбі тыныс алу ағзалары туберкулезіне шалдыққан. Олардың үлесі 90,5% тең.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметіне қарағанда, өңірде 14 жасқа дейінгі 6 бала аталған ауруды жұқтырған. Көкшетау қаласында - 3, Степногор қаласында - 1 және Целиноград ауданында - 2 баладан туберкулез анықталған.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды