22.07.2022, 03:55
Жаңалықтар
Жезқазғанда зейнеткерге шабуыл жасаған ер адам ұсталды
Келтірілген материалдық шығын 800 мың теңге
фото: Global Look Press
Ұлытау облысы Жезқазған қаласында белгісіз ер адам зейнеткердің үйінің есігін бұзып кіріп, бағалы заттарын алып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
69 жастағы қала тұрғыны полицияға хабарласып, белгісіз біреу қорқытып екі ұялы телефонын, құжаттарын және алтын бұйымдарын алып кеткенін хабарлаған.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 35 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін толық мойындады және айғақ заттар тәркіленді", - деп көрсетті Қарағанды облыстық Полиция департаменті.
Аталған факті бойынша полицияда ҚР ҚК 191-бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды
11.11.2026, 16:42
«Үйімізге 22 жыл бұрын күннің нұры келіп еді»: марқұм Нұрай Серікбайдың ағасы 11 қарашаны қарындасын еске алу күні деп бекітпек
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды