$ 510.19  582.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Зерендіде зейнеткер көршісінің үйіне өрт қойды

Полиция Қылмыстық қодекстің «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр

Зерендіде зейнеткер көршісінің үйіне өрт қойды
фото: matritca.kz

Зерендіде 85 жастағы қария ауылдасының үйін өртемек болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, 47 жастағы жергілікті тұрғын Зеренді АПБ полиция бөліміне қоңырау шалып, үйі өртеніп жатқанын айтқан.

«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен өрт сөндіру жасағының қызметкерлері келді. Құтқарушылар жеке үйдің кіреберіс есігінің өртенуінің алдын алды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1937 жылы туған жергілікті тұрғынның өртке қатысы болуы мүмкіндігін анықтады», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазір қарттың неліктен мұндай қадамға барғаны анықталып жатыр. Күдіктіге сот-психиатриялық сараптама тағайындалуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары