$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылорда облысында балалар жылы қандай шаруалар атқарылып жатыр?

Қызылорда қаласында 32 алаңның құрылысы басталды

Қызылорда облысында балалар жылы қандай шаруалар атқарылып жатыр?

Қызылорда облысында балалар жылы аясында 80 спорт және балалар ойын алаңдары салынады. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес жарияланған «Балалар жылы» аясында қала, аудан әкімдеріне демеушілер арқылы өңір бүлдіршіндеріне тарту жасауды тапсырған.

Қазіргі таңда демеушілер есебінен салынатын ойын алаңдарының аумақтары белгіленіп, қажетті жер телімдері бөлінді.

Ойын және спорт алаңдарының 50-і облыс орталығында, қалған 30-ы аудандарда салынып жатыр.

Спорттық тренажерлар, балалар ойын алаңы және футбол алаңы секілді орындармен қамтылатын бұл нысандар негізінен қаланың шет аймақтары мен ауылды елді мекендерде салынады.

Бүгінгі күнге Қызылорда қаласында 32 алаңның құрылысы басталса, аудандарда 6 ойын алаңының құрылысы аяқталған және 5-еуінің құрылысы басталды.

Межеленген 80 алаңды қыркүйек айында толық пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«Балалар жылы» аясында Қызылорда облысында жыл соңына дейін балаларға арналған тағы 10 нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде. Оның ішінде 6 мектеп, дарынды балаларға арналған 2 орталық, 1 балабақша, 1 Оқушылар үйі мен Өнер мектебі бар. Мұнымен қоса жаңа оқу жылы қарсаңында жергілікті кәсіпкерлер 3 жекеменшік мектепті іске қоспақ.

Ал балалар жылындағы ең үлкен сый – Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі Оқушылар сарайын салу туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен келісім жасалды. Бұл зәулім ғимарат Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан жаңа тұрғын ауданда бой көтеретін болады.

Сонымен қатар, тұрғындардың спорт нысандарына қолжетімділігін арттыру үшін облыс көлемінде 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 6 мәдениет нысаны пайдалануға беріледі.

Жалпы «Балалар жылы» аясында қызылордалық бүлдіршіндерге жан-жақты жағдайлар мен қолдаулар қарқынды көрсетілуде. Соның бірі биылдың өзінде 8 мыңнан астам бала өңірдегі лагерьлерде демалатын болады.

Сондай-ақ «Атамекен» балалар ауылының түлектеріне Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім гранты табысталып, 45 бала «Қамбаш» лагеріне жолдама алды, көпбалалы отбасылар үшін облыс орталығынан 50 пәтер пайдалануға берілді.

1 маусым балалар күні қарсаңында орталық стадионда ұйымдастырылған мерекелік шара барысында арнайы санаттағы балалар мен халықаралық олимпиада жүлдегерлері атанған 100 балаға велосипед, 10 ноутбук және «Балдаурен» республикалық лагеріне жолдама үлестірілді.

Серіктес жаңалықтары