Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
5 ақпанда республиканың бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Қазгидромет 5 ақпанда бірқатар облыста дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Нұр-Сұлтанда көктайғақ болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін барады.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Көкшетау қаласының жолдарында көктайғақ болады. Жел күшейеді.
Түркістан облысының кейбір аймағында түнде тұман түсіп, күндіз күші 15-20 м/с жел соғады.
Шымкентте де күндіз жел күшейеді.
Түркістан қаласында да желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз күші 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ және бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Қостанай қаласында да жел тұрады.
Ақтөбе облысының кейбір аймағында тұман, көктайғақ, түнде бұрқасын болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің күші 15-20 м/с дейін барады.
Ақтөбе қаласында түнде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен екпіні 16 м/с жел соғады.
Айта кетсек, қазіргі уақытта елорда мен Шығыс Қазақстанның екі ауданында қардың көптігіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген.