$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы 42 пайызға артты

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда айналымы 1,5 есеге артты

Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы 42 пайызға артты
Фото ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV консультативтік кездесуіне қатысты. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы сауда байланысы туралы айтып өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Көпжақты ықпалдастықтың берік экономикалық базасын құру да өзекті мәселе болып отыр. Кейінгі жылдары бұл бағытта едәуір жетістіктер бар. Соңғы 5 жылда Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы 42 пайызға артып, 6,3 миллиард долларға жетті.

Өзара сауданы кеңейту үшін зор мүмкіндіктер бар екенін ескере отырып, болашақта біз бұл көрсеткішті 15 миллиард долларға дейін жеткізбекпіз», - деді Мемлекет басшысы.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда айналымы 1,5 есеге (1,16 млрд долл.), Түрікменстанмен – 2 есеге (254 млн долл.), Өзбекстанмен – 33 пайызға (4,3 млрд долл.), Қырғызстанмен – 15 пайызға (970 млн долл.) артты.

Серіктес жаңалықтары