$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Журналист Махамбет Әбжанның ісіне қатысты Антикор мәлімдеме жасады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет журналистің банк шоттарына қатысты ақпаратқа түсініктеме берді

Журналист Махамбет Әбжанның ісіне қатысты Антикор мәлімдеме жасады
Видеодан кадр

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі әлеуметтік желілерде журналист әрі блогер Махамбет Әбжанның банк шоттарына шектеу қойылғаны туралы тараған ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Telegram арналардың бірінде күдікті М. Әбжанның отбасы мүшелерінің, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларының банк шоттарына шектеу қойылғаны туралы ақпараттың таралуына байланысты бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз», - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Ведомствода шектеулер тергеу аясында күдіктінің өзінің банктік есепшоттарына ғана енгізілгенін атап өтті.

«Қоғамдық пікірді бұрмалау және тергеуге ықпал ету мақсатында жалған ақпарат таратылуда. Біз азаматтардан ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа сенуін сұраймыз», - деді Антикор өкілдері.

Еске салсақ, 3 шілдеде журналист Махамбет Әбжан бизнесменнен 50 миллион теңге бопсалады деген күдікке ілінгені белгілі болды. Елорданың тергеу соты Әбжанның қанша уақытқа қамауға алынғанын хабарлаған болатын.

 

Серіктес жаңалықтары