$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нұр-Сұлтан әкімдігі Махамбет Әбжанға «дұрыс жазбалары» үшін ақы төлеген жоқ – әкімдік

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді

Нұр-Сұлтан әкімдігі Махамбет Әбжанға «дұрыс жазбалары» үшін ақы төлеген жоқ – әкімдік
Фото: Orda.kz

Әлеуметтік желілерде «елорда әкімі Алтай Көлгінов журналист Махамбет Әбжановқа «дұрыс жазбалары» үшін белгілі бір қызмет ақысын төлеп отырған» деген қауесет тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Orda.kz порталына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және әкімдіктің беделіне нұқсан келтіретінін мәлімдеді.

«Әкімдіктің баспасөз қызметі жұртшылықты күмәнді дереккөздердің жалған материалдарына мән бермеуге шақырады», - делінген хабарламада.

Әкімдік егер ақпарат біржақты беріліп және жалған ақпарат теріске шығарылмаса, сотқа жүгінуге мәжбүр болатынын атап өтті. Қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Еске салсақ, 3 шілдеде журналист Махамбет Әбжанның 50 миллион теңге бопсалады деген күдікке ілінгені белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары