21.07.2022, 05:13
Жаңалықтар
«Қазақстан темір жолы» ҰК ұтыс ойындары туралы хабарламаны жоққа шығарды
Компания тек ресми деректерге ғана сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырды
фото: eadaily.com
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ұтыс ойындарын ұйымдастырып жатқан жоқ. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ атынан 25 жылдық мерейтойға орай сауалнама жүргізілетіні туралы сілтеме таралуда. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мұндай сілтемелердің ұлттық компаниямен ешқандай байланысы жоқ екенін еске салады және сілтемеге өтпеуді сұрайды», - деп көрсетті ҚТЖ баспасөз қызметі.
Сонымен қатар компания туралы барлық ақпарат тек ресми сайттар мен әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда жарияланатыны ескертілді.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді