21.07.2022, 06:03
Жаңалықтар
Таразда «Әулиеата жастары» бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Жастарға арналған бұл бағдарлама биыл алғаш рет іске қосылды
фото: www.inform.kz
Таразда «Әулиеата жастары» бағдарламасына құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бағдарламаға баспанаға мұқтаж 35 жасқа дейінгі медицина, мәдениет, спорт қызметкері, журналист және жоғары оқу орны оқытушысы мен ғылыми қызметкер қатыса алады.
Үміткерлер Жамбыл облысындағы ресми жұмыс өтілі өтініш берген кезде 12 айдан кем болмауы тиіс. Сондай-ақ бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлкі болмауы керек.
«Әулиеата жастары» бағдарламасына қатысу туралы өтінімдер 20 шілдеден 30 шілдеге дейін www.e-jambyl.kz порталы арқылы қабылданады.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды