$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ЖОО қызметкерлеріне арналған жеңілдікпен берілетін баспана туралы хабарлама – фейк

Әлеуметтік желіде жаңа тұрғын үй бағдарламасы туралы хабар тараған

ЖОО қызметкерлеріне арналған жеңілдікпен берілетін баспана туралы хабарлама – фейк
фото: spark.ru

Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары оқу орындарының қызметкерлеріне арналған жеңілдікпен берілетін тұрғын үй бағдарламасы туралы әлеуметтік желілерде таралған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«19 шілде күні әлеуметтік желілерде https://mongov.kz сайтына сілтеме жасай отырып, ЖОО қызметкерлері арасында тұрғын үйге қажеттілік тізімін жасау үшін сауалнаманы толтыру сұралған хабарландыру таралды. Аталған сайттағы ақпарат алаяқтық әрекет болып табылады. Негізгі мақсаты жоғары оқу орындарының қызметкерлері туралы жеке деректерді жинау болып табылады. Осыған байланысты Ғылым және жоғары білім министрлігі жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырады және министрліктің бастамалары туралы хабарлау қажет болған жағдайда электрондық құжат айналымы жүйесіне енгізілген ресми ақпарат арналары пайдаланылатынын мәлімдейді. Аталған оқиға бойынша ақпарат құқық қорғау органдарына берілді», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#фейк