20.07.2022, 05:17
Жаңалықтар
Елордада лифт ішінде дәрет сындырған медицина қызметкері 5 тәулікке қамауға алынды
Оқиға 14 шілдеде елордада тұрғын үй кешендерінің бірінде болған
фото: astana.sud.kz
Елордада лифт ішінде дәрет сындырған медицина қызметкері 5 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оған қатысты ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
«Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оны қоғамға әдепсіздік танытқаны және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағанына кінәлі деп танып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды», - деп көрсетті Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Көп оқылған
29.06.2026, 10:54
«Қалжың деп ойлаған еді»: астаналық жас жұбайлар Threads арқылы танымайтын адамдарды тойына шақырды
29.06.2026, 13:32
«Военкоматтан келіп тұрмын»: жас жігіт әскерден қашамын деп Ақбұлақ өзеніне секіріп кетті (ВИДЕО)
29.06.2026, 10:35
Қазақстанда алдағы күндері 38 градус ыстық болады: үш күнге арналған болжам жарияланды
29.06.2026, 11:05
«Өз өмірім үшін қорқамын»: Алматыда жұмбақ жағдайда көз жұмған Вероника Соколованың анасы дабыл қақты