$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамынша еліміздің батысы мен оңтүстігінде аптап ыстық болады

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
фото: Kyzylorda-news.kz.

Ауа райына байланысты «Қазгидромет» РМК бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде желдің екпіні 23 м/с жетеді. Петропавл қаласында найзағай ойнайды.

20-21 шілдеде Қызылорда облысының басым бөлігінде 45-46 градус ыстық болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай, шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 38 градус күтіледі, облыстың оңтүстігінде өте қатты ыстық 43 градус сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус ыстық болады.

Батыс Қазақстан облысының шығысында да найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде 35 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысында 35 градус ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Көкшетау қаласында найзағай ойнайды.

Атырау облысында 36 градус ыстық болады.  Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады.

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз 42-44 градус ыстық күтіледі. Өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел cолтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ауа райы