Қазақстанда телерадиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады
Телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі
Қазақстанда телерадиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«2022 жылдың 20 шілде айында Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», - делінген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарламасында.
«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді тоқтатылады, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.