$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордадағы ақылы автотұрақтар саны 24-тен 536-ға дейін көбейген

Қала тұрғындары да кәсіпкерлер де ақылы автотұраққа қарсы

Елордадағы ақылы автотұрақтар саны 24-тен 536-ға дейін көбейген
фото: baq.kz

Елордадағы ақылы автотұрақ саны бір жылда 24-тен 536-ға дейін көбейген. Бизнес өкілдері бұған наразы. Бұл туралы Azattyq Ruhy astanatv-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Нұр-Сұлтан қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиевтың айтуынша, сауда үйлері мен орталықтарын жалға алушылар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына шағымданған.

«Бірнеше рет көтердік бұл мәселені одан бөлек Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бәсекелестік кеңесте бар. Ол жерде де тиісті хаттама жіберіліп кәсіпкерлердің құқықтары бұзылған жайлы. Әкімдік тарапынан да қайта қарастыру керек», - дейді Нұр-Сұлтан қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев.  

Құрылыс нормасы мен ережесіне сәйкес, әр бизнес нысанының жанынан 67 көлік тұрағы берілуі керек. Бірақ бұл ескеріліп отырған жоқ дейді кәсіпкерлер. Ал жауаптылар, кейбір нысанның иелері ақылы тұрақты өздері сұрап алатынын айтады.

 «Бізге өтініш хат жазып, ақылы тұрақ қойылатын бизнесмендер бар. Оларды жоққа шығара алмаймыз. "Москва" бизнес орталығы өздері хат жазған, әрине жағдай ол жақта өте қиын. Сондықтан олар ақылы тұрақ қойғызған. Олар "ақылы тұрақ" мәселені шешеді деп ойлайды», - дейді «Астана көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС директоры Шыңғыс Досыбаев.

Қала тұрғындары да бұл "ақылы автотұраққа" қарсы. Қалта көтермейді дейді.

Жауаптылардың айтуынша, тұрақтар таңертеңгі 10-нан кешкі 20:00-ге дейін ғана ақылы. Түнгі уақыт пен демалыс күндері -тегін. Ал жүйені мүлдем енгізбеу мүмкін емес. Себебі, көлігін сағаттап емес, апталап қалдырып кететіндер көп. Ол қозғалысқа кедергі келтіреді дейді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#автотұрақ