$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылорда облыстық прокуратурасы желіде жарияланған даулы видеоға қатысты жауап берді

Ведомствоның баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі видео шындыққа жанаспайтын ақпарат деп көрсетті

Қызылорда облыстық прокуратурасы желіде жарияланған даулы видеоға қатысты жауап берді
фото: видеодан скрин

Қызылорда облыстық прокуратурасы әлеуметтік желіде таралған «Прокурордың әйелі» бейнеленген роликке қатысты ресми жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әлеуметтік желіде өзін прокурордың әйелімін деп таныстырып, күзетшімен жанжалдасқан әйелдің видеосы тарады.

Рұқсат етілмеген жерге көлік қойған белгісіз әйел күзетшіге қоқан-лоқы көрсетіп, былапыт сөз айтқан.

«Әлеуметтік желіде Қызылорда облысы прокурорының әйелі күзетшілерге дөрекілік жасады, деген сипатта видео тарауда. Бұл шындыққа жанаспайтын ақпарат. Облыс прокурорының әйелінің аты жөні: Бижанова Татьяна Анатольевна. Ұлты - орыс. Таралған видеодағы адам басқа әйел. Жала жауып, жалған ақпарат таратушыларға заңмен көзделген тәртіпте жауапкершілік қарастырылғанын назарға саламыз», - деп көрсетті Қызылорда облыстық прокуратурасы.

Серіктес жаңалықтары