Жоғарғы сот Матаевтарды толық ақтады
Астана қаласы Есіл ауданы сотының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы үкімі жойылды
Жоғарғы сот қазақстандық журналистер – Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаевты толық ақтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жоғарғы сот сейсенбі күнгі отырысында Сейітқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты Астана қаласы Есіл ауданы сотының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы үкімін жойды. Судья үкімді оқи отырып, олардың ақталғанын, сол сияқты қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттерінен келген залал үшін өтемақы алуға құқығы бар екенін түсіндірді.
Естеріңізге сала кетейік, әкелі-балалы Матаевтар 2016 жылы сотталған болатын. Қылмыстық қудалау ҚазТАГ агенттігін рейдерлік жолмен басып алу әрекетімен қатар жүрді. Бұл ретте Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де саяси астары бар деп танылған іс бойынша Матаевтардың кінәсі айыптау тармақтарының бірде-біреуі дәлелденбеді. Алайда бұл қазақстандық соттың айыптау үкімін шығаруына кедергі келтірмеді. Бұл ретте тапсырыстық қудалауға қатысушылардың бірде-бірі әлі күнге дейін жазаға тартылмаған.
Сейітқазы Матаев соттағы соңғы сөзінде «Қазақстан журналистер одағы, ұлттық баспасөз клубы, ҚазТАГ ақпарат агенттігіне тексеру арқылы қысым жасаған адамдар» ретінде Нұрлан Нығматуллин мен Талғат Татубаевты атаған болатын.
2022 жылдың 5 шілдесінде Өтебеков Бас прокуратураның Матаевқа қатысты әділетсіз үкімге наразылық білдіргенін хабарлады. 6 шілдеде Өтебеков жағдайға түсініктеме бере отырып, Әсет Матаевтардың ісін қайта қарауды қоғамдық-саяси ахуалдағы өзгерістермен байланыстырды. 8 шілдеде Сенат пен Мәжілістің бірқатар депутаттары Матаевтардың толық ақталуына үміттенетіні айтылып, тиісті мәлімдемеге қол қойды.