$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан қылмыс деңгейі бойынша 142 елдің ішінде 47-орынға шығып кеткен

Еліміз бойынша ең көп қылмыс Алматы қаласында жасалады

Қазақстан қылмыс деңгейі бойынша 142 елдің ішінде 47-орынға шығып кеткен
© Sputnik

Қазақстанда бірінші жартыжылдықта тіркелген қылмыстық құқықбұзушылықтар саны 1%-ға өсті. Сондай-ақ еліміз қылмыс деңгейі рейтингінде 142 елдің ішінде 47-орында тұр. Елдің индексі 53,04 болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Finprom.kz сайтының жазуынша, рейтингтегі елдердің индексі халық арасында сауалнама жүргізу арқылы бағаланған. Қылмыс индексі – белгілі бір қала немесе елдегі қылмыстың жалпы деңгейін бағалау.

Әлемдегі қылмыс деңгейі ең жоғары рейтингті Венесуэла, Папуа-Жаңа Гвинея және Ауғанстан елдері бастап, Катар елі аяқтап тұр.

Сонымен ТМД елдері арасында Қазақстанға қарағанда Беларусь пен Қырғызстанда қылмыс деңгейі бойынша алдығғы орынға шыққан, ал Молдова, Украина, Ресей, Өзбекстан және Әзірбайжан рейтингте бірқатар төменде тұр.

Қазақстанның ресми статистикасы бойынша, бірінші жартыжылдықта құқықбұзушылық деңгейі 10 мың адамға шаққанда 91,5-ті құраған, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 91,8 болған.

Өңірлік тұрғыда алғанда, қылмыс ең көп тіркелген аймақ Алматы қаласы болған: 10 мың адамға шаққанда 191,5, бір жыл бұрын 140,5 болған. Антирейтингтің басында сондай-ақ астана мен Батыс Қазақстан облысы да кіріп отыр. Ең жақсы көрсеткішке – ресми түрде – Түркістан облысы кірген: облыстың 10 мың тұрғынына шаққана 32,2 құқықбұзушылық жасалған.

Жыл басынан бері елімізде 87,1 мың құқықбұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,1%-ға артық көрсеткіш.

Ең көп құқықбұзушылық Алматыда тіркелді: 19,4 мың, бір жыл бұрынғыға қарағанда 40,3% көп. Сондай-ақ астана (9 мың құқықбұзушылық) мен Алматы облысы (8,4 мың құқықбұзушылық) алғашқы үштікке еніп отыр.

Қылмыстық құқықбұзушылықтардың ең аз саны Қызылорда облысында тіркелді: бір жыл бұрынғыдан 1,9 мыңға – 5,2%-ға аз.

Серіктес жаңалықтары