Қазақстанда қаржы пирамидаларының 3 мыңнан астам сайты бұғатталды

Azattyq Rýhy

Бюджет қаражатын жымқыру бағытында 115 іс қозғалды

Қазақстанда қаржы пирамидаларының 3 мыңнан астам сайты бұғатталды
Фото: ашық дереккөзден

Қаржы мониторингі агенттігі өткен жартыжылдық жұмысының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ведомствоның Telegram-каналына сілтеме жасап.

Көрсетілген мерзімде 789 іс аяқталды. Агенттік мәліметінше, мүлікті бұғаттау істерін есепке алғанда, 85 миллиард теңге өтелді. Ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 20 іс қозғалса, оның 17-сі сотқа жолданған.

«Қаржы пирамидаларын ерте анықтау бойынша профилактикалық шараларды күшейту жұмыстары үш мыңнан астам сайтты блоктауға мүмкіндік берді. 44 іс қозғалып, 6,5 млрд теңгенің мүлкі қамауға алынды», - делінген агенттік хабарламасында.

Бюджет қаражатын жымқыру бағытында 115 іс қозғалған. Белгіленген залал сомасы 57 млрд теңгені құрады, оның 53 млрд теңгесі бұғатталған мүлікті есепке алғанда өтелді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.