$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде газ құю бекетіндегі өрттің себебін арнайы комиссия анықтайды

Өрт себебін анықтау үшін өрт-техникалық сараптама тағайындалған

Ақтөбеде газ құю бекетіндегі өрттің себебін арнайы комиссия анықтайды
фото: www.gov.kz

Ақтөбе облысында газ құю бекетіндегі өрттің себебін арнайы комиссия анықтайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Газ құю бекеті күндізгі сағат 12-ден бері жұмыс істемеген. Нысанның аумағында 2 қызметкер жүрген. Куәгерлердің айтуынша, өртенген ыдыс бос болған»,- деп көрсетті Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті.

Өрт себебін анықтау үшін өрт-техникалық сараптама тағайындалды. Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті осы оқиғаны тексеру үшін комиссия құрады, оқиға орнына өнеркәсіптік қауіпсіздік мемлекеттік инспекторы барады.

Естеріңізге саламыз, 17 шілдеде «Лимангаз» ЖШС автогаз құю станциясында өрт болған.

 Алға аудандық өрт сөндіру қызметінің күшімен қызыл жалын сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#өрт