Елордада алкогольсіз сусындардың 19%-ы техрегламентке сәйкес келмейді
Бұған қоса жарамдылық мерзімі өткен сусындар сатылғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті алкогольсіз сусындарға сараптама жасап, құрамында қауіпті қоспаның шамадан тыс көп екенін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнімдердің қауіпсіздігін бақылау аясында импорттық және отандық өндіріс бойынша алкогольсіз сусындарының 63 үлгісін, оның ішінде энергетикалық сусындардың 23 үлгісін сараптамаға іріктеп алды.
«Зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына - импорттық өндірістің 12 сусын сынамасы, оның ішінде 5 энергетикалық сусын сынамасы сәйкес келмеді. «Monster Ultra Can» энергетикалық сусыны, «Монстр» Энерджи Ультра» алкогольсіз сергітетін газдалған сусыны, «Лимонад «Натахтари» сусынында натрий бензоаты концентрациясының 1,1 - ден 1,2 есеге артқаны анықталды», - делінген хабарламада.
Натрий бензоаты бұл консервант-Е-211 тағамдық қоспасы. Бұл консервант концентрациясының артуы өнімнің дәмдік қасиеттеріне ғана емес, сонымен қатар адам денсаулығына қауіп төндіреді. Кейбір адамдарда натрий бензоаты аллергиялық реакцияларды тудырады. Құрамында Е-211 бар өнімдерді С дәрумені бар өнімдермен бірге қолданға болмайды, өйткені натрий бензоаты мен аскорбин қышқылының өзара әрекеттесуі кезінде бензол пайда болады, ол уыттылық пен канцерогенділікпен сипатталады және қатерлі ісіктердің пайда болуына себеп болуы мүмкін.