$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.02.2020, 13:32
Жаңалықтар

Коронавирус: Қытай спортшылары әлемдік жарыстарға қатыспайды

Франция елшілігі жұмысын уақытша тоқтатып, Қытай дзюдошылары Парижде өтетін турнирге қатыса алмайтын болды

Коронавирус: Қытай спортшылары әлемдік жарыстарға қатыспайды
фото: olympic.kz

8-9 ақпан аралығында Парижде өтетін дзюдодан Grand Slam турниріне қытайлық спортшылар қатыса алмайды. Бұл туралы Халықаралық дзюдо федерациясы мәлімдеді. 

«Коронавирустың өршуіне байланысты Қытайдағы француз елшілігі жұмысын уақытша тоқтатқан және 10 ақпанға дейін қызмет көрсетпейді. Осыған орай, қытайлық делегация үшін виза алу мүмкін болмай тұр. Халықаралық дзюдо федерациясы мен арнаулы комиссия Қытайдағы жағдайды бақылауда ұстап отыр», - делінген Халықаралық дзюдо федерациясының хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, қауіпті коронавирус тарағалы бері Қытай аумағында өтетін халықаралық жарыстардың барлығы кейінгі қалдырылып, өтетін орны өзгеріп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары