$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.02.2020, 11:32
Жаңалықтар

Түркістан облыстық соты судьясының ірі көлемде пара алған сәтінің видеосы тарады

Ол сотталушының жазасын жеңілдетпек болған

Құқық қорғаушылар Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының судьясы Әшірбек Шәріпұлы Рахымбаевтың сыбайлас жемқорлық әрекетінің жолын кесті деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Лауазымды тұлғаны ұстау операциясын Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімі мамандары жүргізген.

Ә.Рахымбаев сотталушының жазасын жеңілдетуге жәрдемдесу үшін 2020 жылдың 31 қаңтарында ірі көлемде пара алған. Ол өзіне тағылған айыпты мойындап отыр.

Пара алу фактісі жасырын тергеу іс-қимыл материалдарымен дәлелденді (аудио, бейнетіркеу). Аталған жайт бойынша ҰҚК органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-б. («Пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары