Елімізде "Özinşе" балалар мен жасөспірімдерге арналған стриминг сервис іске қосылды
Қосымшаны Android пен IOS құрылғыларына жүктеп алуға болады
Елімізде "Özinşе" балалар мен жасөспірімдерге арналған стриминг сервис іске қосылды. Онда отандық мультфильмдер мен балаларға арналған контент жүктелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың айтуынша, болашақта шетелдік анимацияларды да платформаға енгізу жоспарланып отыр.
Министр бүгінде қазақстандық анимацияға сұраныс артқанын тілге тиек етті. Айта кетерлігі, қосымшаны Android пен IOS құрылғыларына жүктеп алуға болады.
«Қазіргі кезде өзінше стриминг сервисіне 3 мың 400 минуттай контент жүктелген. Бұл контент әрі қарай үлкейеді. Бізде 10 жылдың ішінде қазақстанда отандық анимация мектебі құрылды. Анимация қазіргі кезде Қазақстанда көп. Бізбен шекаралас елдерде анимацияны сатып алып жатыр. Қазір біздің анимация бойынша мамандар Қытаймен, Ресей, Түркиямен жұмыс істеп жатыр», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров.