Алматы облысында ірі көлемде ақша бопсалаған күдіктілер тобы ұсталды
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды

Алматы облысының полиция қызметкерлері ҰҚКД-мен бірлесіп ірі ақша қаражатын бопсалаған күдіктілердің тобын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тұлғалар тобы жеке кәсіпкерден ақшалай қаражат талап еткен. Қазіргі уақытта барлық күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы облысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен бірлесіп арнайы операция өткізді, оның барысында кәсіпкерден ірі ақша қаражатын бопсалаған деп күдіктенген адамдар тобы ұсталды.
"Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты қылмыстық кодекстің 194 - бабының 2-бөлігі "бір топ адамның алдын ала сөз байласуы бойынша бопсалау" бойынша қылмыстық іс басталды", - деп хабарлады Алматы облысы ПД бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Елдар Әбдікенов.