Президенттен сөгіс алған министр сауда саласына өзгерістер енгізбек

Автор: Әсел Оршыбекова

Мемлекет басшысына қазан айына дейін тиісті тәсілдер баяндалатын болады

Фото: Shutterstock

Күні кеше ғана Мемлекет басшысынан сөгіс алған Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Ұлттық тауар өткізу жүйесінің моделіне өзгерістер енгізетінін мәлімдеді. Бұл туралы ведомство басшысы Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Оның айтуынша, инвесторлар тарту арқылы көтерме сауда орталықтарын құрудың бірнеше балама сценарийі қарастырылған. Бұл ретте Мемлекет басшысына қазан айына дейін тиісті тәсілдер баяндалатын болады.

Бүгінде пандемия мен геосаяси шектеулер жағдайында инфляцияның едәуір импорты мен айрықша сұраныстың туындауына байланысты бұл механизм өз тиімділігін көрсетті.

«Аталған механизмді Мемлекет басшысы сынға алды, себебі аталған міндетті іске асырудың тиімділігін арттыру жұмыстары пысықтауды талап етеді. Апта сайынғы цифрлық Үкімет кеңсесінде жергілікті атқарушы органдармен селекторлық кеңес өткізілетін ақпараттық жүйе бойынша қазіргі таңда пысықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нарық қатысушылары белгілейтін нақты бағалар туралы халыққа барынша ақпарат таратылады, сондай-ақ сауда желілерінің, өндірушілер мен жеткізушілердің тиімділігі көзделеді. Екінші жағынан, жалпы тауар айналымындағы әлеуметтік маңызы бар өнімдердің «айналым схемасын» қаржыландыру көлемі небәрі 4%-ды құрайды. Сондықтан ол нарыққа көп әсер ете алмайды. Осыған байланысты, қаражат қозғалысы ашықтығының және олардың тиімділігінің артуына байланысты қаржыландыру біртіндеп ұлғаятын болады», - деді Бақыт Сұлтанов.