$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тараз қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы сотталды

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

Тараз қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы сотталды

Тараз қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша департаментінің баспасөз қыземті мәлім еткендей, 13 шілдеде Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Ержан Шымырқұлов бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ Бағлан Абдухаликов пен Ақмарал Баймұханова адамдар тобымен пара бергені үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ал Марат Байжанов пара бергені үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып («ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының негізінде залал келтіруге әкеп соқпаған ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін Марат Байжанов негізгі жазадан босатылды), барлығы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

«Өткен жылдың қараша және желтоқсан айларында Шымырқұлов Байжановтан және Абдухаликов пен Баймұхановадан салық төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындамауға ықпал еткені үшін 90 000 теңге және 1 250 000 теңге көлемінде бірнеше рет пара алған», - делінген департамент хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары