$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген несиесі іске қосылады

2022 жылы бұл бағдарламаны іске асыруға 3,5 млрд теңге көзделген

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген несиесі іске қосылады
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда отандық ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға арналған жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР ИИДМ басшысы Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту қазіргі лизингтік қаржыландыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторының (РОП) қаражатын пайдалана отырып, отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін жеңілдетілген кредит беру тетігін енгізу механизмін пысықтап жатыр.

«Ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаппай жаңарту – өзекті мәселе. Қаржыландырудың барлық мүмкін көздерін пайдалану маңызды. ӨКМ Операторының қаражаты есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу мақсатында жеңілдетілген несие беру тетігін енгізуді тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Айта кетерлігі, 2022 жылы осы бағдарламаны іске асыруға 3,5 млрд теңге көзделген. Ал араластыру арқылы лизингтік қаржыландыруға бөлінген қаржы көлемі – 7 млрд теңге.

Серіктес жаңалықтары