$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нұр-Сұлтанда мектеп оқушыларына бірңғай форма енгізіледі

Мектеп формасының түсі - қою көк

Нұр-Сұлтанда мектеп оқушыларына бірңғай форма енгізіледі
Фото ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда мектеп оқушыларына бірңғай қою көк түсті форма енгізіледі. Бұл туралы елорданың Білім басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"Білім саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын сақтау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық білім беру ұйымына оқушыларды бірыңғай қою көк түсті мектеп формасына көшіру енгізілді. Бірыңғай мектеп формасы бекітілгеннен кейін қала мектептерінің басшылары ата-аналарды мектептік ата-аналар жиналысында форманың сәйкестігі жөніндегі талаптармен таныстырады", - делінген басқарма сайтында.

Ата-аналар мектеп формасын өз қалауы бойынша таңдайды. Ең бастысы, сатып алынған форма төменде жазылған

Мектеп формасының түсі - қою көк. Мектеп формасының стилі - классика.

Ұлдарға арналған мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде, күнделікті киетін ақ жейде. Суық мезгілде киетін тоқылған кардиган қосылады. Ұлдарға арналған шалбар - кең тұратын, аяқтың тобығын жауып тұратындай болу керек. Тіпті болмаса: көйлек, жилет және шалбар болса да болады.

Қыздарға арналған мектеп формасы: пиджак, жилет, белдемше, шалбар, түймелері бар тоқылған кардиган (бомбер), классикалық жейде (қысқы кезең: тоқылған жилет, сарафан, водолазка). Кең тұратын, аяқтың тобығын жауып тұратын қыздарға арналған шалбар. Белдемше ұзындығы тізеден 5 сантиметр аспауы тиіс.

Мектеп формасына түрлі діни конфессиялардың элементтерін енгізуге болмайды.

Мектеп формасына орта білім беру ұйымдарының эмблемасы, жапсырма орналастырылады. Эмблеманың эскизін мектеп сайтынан жүктеуге болады.

Серіктес жаңалықтары