14.07.2022, 13:21
Жаңалықтар
Қызылорда – Павлодар тасжолында екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза болды
Ол оқиға орнында тіл тартпай кетті
Фото: Павлодар облысының апаттық медициналар орталығы
Жол-көлік оқиғасы Бәйет ауылы маңындағы тасжолда болған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы апаттық медициналар орталығының мәліметінше, 13 шілде күні сағат 17.27-де Қызылорда – Павлодар тас жолында екі жүк көлігі соқтығысқан.
«Сағат 17.29-да Павлодар облысы бойынша Шідерті трассалық медициналық-құтқару пункті, ҚР ТЖМ апаттар медицинасы орталығының шұғыл әрекет ету бригадасы жол-көлік оқиғасы болған орынға шықты. Оқиға орнында бір адамның қаза тапқаны анықталды», - дейді орталықта.
Екінші зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
