Қазақстанда жыл басынан бері ұн бағасы 26,7 пайызға қымбаттады
Экспортқа 627,3 мың тонна ұн жөнелтілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 34,6%-ға артық

2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында елімізде 1,4 млн тонна ұн өндірілді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 3,1%-ға артық, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Energyprom.kz порталының жазуынша, өңірлік тұрғыдан алғанда, 481,8 мың тонна, яғни бір жылда 10,4% көп ұн әдеттегідей, Қостанай облысында өндірілді. Үздік үштікке Солтүстік Қазақстан облысы (140,7 мың тонна, бір жылда 19,7% көп) және Шымкент (119,7 мың тонна, бір жылда 16,8% аз) кіреді.
Анықтама үшін айта кетсек, 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында сектордағы өндіріс көлемі бір жылда 6,9%-ға, яғни 3,1 млн тоннаға дейін төмендеген болатын.
Сондай-ақ нан өнімдерін дайындауға арналған 86,3 мың тонна қоспа (бір жылда 1,9% аз), 4 мың тонна ұсақ және ірі ұнтақталған ұн (25,1% аз), бидайға өзге дәнді дақылдардан 2,7 мың тонна (35,1% көп) майда ұн өндірілді.
Қазақстандық диқандар сұранысты (ішкі нарыққа енгізу және экспорт) осы жылдың қаңтар-сәуірінде – 99,1%-ға дейін жоғары деңгейде қамтамасыз етіп отыр.
Импорт айтарлықтай 2,1 есеге өсті, бірақ ол осы кезеңде елде өндірілген 1,1 млн тоннамен салыстырғанда небәрі 10 мың тонна ғана болады.
«Экспортқа 627,3 мың тонна ұн жөнелтілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 34,6%-ға артық. Экспорттың үлесі ресурстардың 57,6%-ын құрады. Бұл ретте ішкі нарықта сатылым бір жылда 18,1%-ға, яғни 461,6 мың тоннаға дейін қысқарды. Ақшалай есептегенде, 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында экспорт бірден 79,2 пайызға өсіп, 234,3 миллион долларды құрады», - дейді мамандар.
ТМД елдеріне 170,8 мың тонна ұн жөнелтілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 14,9%-ға артық. Қазақстандық ұнның басым бөлігі Өзбекстанға жөнелтілді: 124,3 мың тонна – бір жыл бұрынғыдан 14,3%-ға артық. Алғашқы үштікке Түрікменстан мен Тәжікстан да кіреді.
ТМД-дан тыс елдерге 179,6 млн АҚШ долларын құрайтын 456,5 мың тонна ұн жөнелтілді. Мұнда негізгі көлем Ауғанстанның үлесінде: 456,1 мың тонна, бұл бір жыл бұрынғыдан 44,4%-ға артық.
«Осы жылдың маусым айының қорытындысы бойынша ұн бағасы бір айда 2,8%-ға, жыл басынан бері 26,7%-ға, бір жылда 33,1%-ға қымбаттады. Бірінші сортты ұн келісінің бағасы 214 теңге, жоғары сорты 332 теңге болды», - делінген ақпаратта.
Еліміздің ірі қалаларының ішінде жоғары сортты ұнның ең қымбаты Шымкентте (390 теңге), ең арзаны Павлодарда (213 теңге) тіркелді. Бірінші сортты ұнның қымбаты Қонаев қаласында (270 теңге), ең арзаны Петропавлда (145 теңге) екені белгілі болды.