$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алдағы екі жылда Қостанай облысында су тапшылығы туындауы мүмкін

Өйткені қазір өңірдегі су қоймалары жартылай бос

Алдағы екі жылда Қостанай облысында су тапшылығы туындауы мүмкін
Фото ашық дереккөзден

Он жеті жыл бойы дұрыс су түспегендіктен Қостанай облысының су қоймалары бүгінде жартылай бос. Енді екі жыл осындай жағдай қайталанса, өңірде су тапшылығы туындауы мүмкін. Мамандар осылай дабыл қағып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Өңірдегі ең ірі саналатын Қаратомар және Жоғарғы Тобыл су қоймаларының сыйымдылығы миллиард жарым текше метр болса, қазір ондағы қор небары 400 миллион текше метр шамасында. Өткен мамыр айының басында қоймадан 70 миллион текше метр су өзенге жіберілді. Одан кейін келісімшартта көрсетілгендей Ресейдің Қорған облысына бөлінетін үлесі тағы бар. Су айдындарының таяздануы жасыл балдырлардың пайда болып, тіршілік нәрі сапасының бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.

 «Сондықтан барлық коммуналды шараушылық құрылымдарына ескертіп, балама су көздеріне көшуге кеңес береміз. Біздегі су қоймалары әбден ескірген. Бірі – 1964, екіншісі – 1973 жылы салынған. Уақыт өткен сайын ондағы зиянды химиялық элементтер көлемі де арта түседі. Сондықтан ашық қоймалардан толық бас тартпағанмен, тұрғындардың денсаулығын ойласақ, тезірек жерасты суларын пайдалануға көшкеніміз абзал», - деді «ҚазСуШар» РМК ҚФ бөлім басшысының міндетін атқарушы Гүлшат Оспанбекова.

Серіктес жаңалықтары