Елімізде 84 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж
Әсірее, Алматы қаласындағы студенттерге жатын орын жетіспейді
Елімізде 84 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж. Оның ішінде Алматы қаласында 40 мыңнан астам студентке жатын орын қажет. Бұл туралы «Қаржы орталығы» АҚ Ілгерілету және сыртқы коммуникация департаментінің директоры Айнұр Сағындықова брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Спикердің айтуынша, 2018 жылдан бастап жекеменшік сектордың ауқымды қатысуын көздейтін мемлекеттік тапсырыс тетігі әзірленді.
«Біз инвесторлар мен жеке кәсіпкерлерді мемлекеттің қаржылық қолдауымен студенттік жатақхана құрылысына қаржы салуға шақырамыз. Бұл жобаға әлеуметтік нысанды салушы ретінде ғана емес, табысты және келешегі мол бизнес жоба ретінде қараған жөн», - дейді Айнұр Сағындықова.
Оның сөзінше, әсіресе алматылық студенттер жатақханаға мұқтаж екен.
«Қазіргі уақытта еліміз бойынша 84 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж. Оның ішінде Алматы қаласында 40 мыңнан астам студентке жатақхана қажет. Себебі, жоғары оқу орындарының басым бөлігі Алматыда. Айта кетейін, бұл бастамаға 152 млрд теңге қарастырылған», - деді ол.