Коронавирус жұқтырғандар саны көбейді: Нұр-Сұлтанда Ashyq қайта енгізіле ме
Сархат Бейсенова елорданың эпидемиологиялық ахуалына қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорданың эпидемиологиялық ахуалына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Осы жылдың маусым айының соңынан бері елордада коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті. Мәселен, бір ай бұрын бір тәулікте бірлі-жарым ғана адам оқшауланса, соңғы екі аптада тәуліктік тіркелудің орташа саны120-ға жетті. Өткен тәулікте 118 адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталды», - деп атап өтті елорданың бас санитар дәрігері.
Сархат Бейсенованың айтуынша, аурулар санының өсуіне қарамастан, бүгінгі күні ауыр халде жатқан науқастар саны әлдеқайда аз.
«Коронавирус белгілері өзгерген жоқ, симпомдары сол күйі қалды. Аурудың 70%-ға жуығы вакцинаны алғаннан кейін жеткілікті уақыт өткен адамдарда кездеседі. Вирус жұқтырғандар санының өсетіні белгілі еді, өйткені жазғы демалысқа байланысты әлеуметтік байланыстар көбейеді», - деді С. Бейсенова.
Ол «Ашық» бағдарламасының қайта енгізізілуі мен қалаға кіріп-шығуға тыйым салу мәселесі әлі қарастырылып жатқанын айтты.