$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаппай вакцинацияға байланысты туу көрсеткіші 20 пайызға төмендеді ме?

2022 жылдың қаңтарында дүниеге келген нәрестелер саны аз болды

Жаппай вакцинацияға байланысты туу көрсеткіші 20 пайызға төмендеді ме?

Танымал Telegram чаттарда венгриялық депутаттың COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға байланысты елде туу көрсеткіші 20% төмендеді деген мәлімдемесі таратылуда. Бұл теорияны stopfake.kz талдап шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Вакциналардың туу көрсеткішіне теріс әсер еткенін Венгрияның «Біздің Отанымыз» партиясының депутаты Дора Дуро мәлімдеді. Оның өзі, ол мүшесі болып саналатын партия да пандемия басталғаннан бастап карантиндік шектеулерге, содан кейін вакцинацияға қарсы болды.  Демек, оның сөздері біржақты болуы мүмкін. Оның үстіне, одан басқа Венгрияда ешкім вакциналар мен туудың арасындағы тікелей байланыс туралы айтпаған.

Осы жылдың наурыз айында Венгрияның 24.hu жаңалықтар порталы биыл қаңтар айында өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда туу көрсеткіші 20%-ға төмендегені туралы үлкен мақала жариялады. Алайда мақалада тоғыз ай бұрын әйелдерге жүктілікті жоспарламауға кеңес берілгендігі және адамдардың көбі COVID-19 пандемиясының өршуіне және осы ауруға қарсы вакцинацияға қатысты пікірлерге байланысты бұл шешімді кейінге қалдырғаны туралы айтылған. Яғни, 2021 жылы жүкті әйелдер аз болды, сондықтан 2022 жылдың қаңтарында дүниеге келген нәрестелер саны да аз болды.

Финляндия, Исландия және Норвегия сияқты елдерге қатысты фактілер вакциналардың бала туу қабілетіне теріс әсері туралы теорияны жоққа шығарады. Бұл елдерде 2021 және 2022 жылдары, керісінше, туу статистикасы өскен.

Сонымен қатар COVID-19 қарсы вакциналар ерлерде де, әйелдерде де фертильділікке әсер етпейтінін дәлелдейтін ауқымды ғылыми зерттеулер бар.

Осылайша, вакцинация салдарынан туу деңгейі төмендеді деген теория дәлелсіз. Туудың төмендеуі пандемиямен, карантиндік шектеулермен және одан кейінгі экономикалық құлдыраумен байланысты. Вакциналар фертильділікке әсер етеді деп айтуға ғылыми негіз жоқ.

Серіктес жаңалықтары