Жамбыл облысында білім саласына бөлінген 171 млн теңгені жымқыру фактісі тергеліп жатыр
Бюджет қаражаты «Жас маман» жобасына бөлінген
Білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі ҚМА Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті тергеуде. Бұл туралы Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Департамент қызметкерлері «Жас маман» жобасы шеңберінде бөлінген 171 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
«Жобаның мақсаты колледждер мен жоғары оқу орындарын неғұрлым сұранысқа ие 100 кәсіп бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып саналады.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары, оның ішінде тиісті сараптамалар жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданатын болады.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.