10.07.2022, 16:24
Жаңалықтар
Алматы мен Нұр-Сұлтан өмір сүру құны бойынша ең қымбат қалалар тізіміне енді
Олар 466 және 475-орындарды иеленді
Фото ашық дереккөзден
Алматы мен Нұр-Сұлтан өмір сүру құны бойынша ең қымбат қалалар тізіміне енді. Мұндай рейтинг Numbeo сервисі сайтында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Рейтинг 2022 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша жасалған.
Бермуд астанасы - Гамильтон - 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өмір сүру құны бойынша қалалар рейтингінде бірінші орынға шықты.
Ең қымбат қалалар тізімінде екінші орында - Базель (Швейцария), үшінші орында - Цюрих. Сондай-ақ, ондыққа Цуг (Швейцария), Лозанна (Швейцария), Берн (Швейцария), Женева (Швейцария), Гонолулу (АҚШ), Санта-Барбара (АҚШ) және Нью-Йорк (АҚШ) кірген.
Тізімге Қазақстан қалалары ішінде Алматы мен Нұр-Сұлтан кірген. Олар 466 және 475-орындарды иеленді.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)