Қорғаныс министрлігі Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастықты тоқтату туралы ақпаратты жоққа шығарды
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде
ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстан мен Беларусь арасындағы әскери білім беру саласындағы ынтымақтастықты тоқтату туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Беларусь әскери білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тоқтататыны туралы құжаттың фотосуреті тарады.
Бұл ақпаратты ҚР Қорғаныс министрлігі жоққа шығарды.
«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралған Беларусь Республикасымен әскери білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тоқтату туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, материалдар АЕК-те (ақпаратты есепке алу кітабында) тіркелді», – деп хабарлады ведомстводан.
Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі тек ресми деректерге ғана сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырды.