10.07.2022, 09:10
Жаңалықтар
Гүлмира Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Ол 747 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергелді
Фото ашық дереккөзден
Астана сотының санкциясымен наурыз айында қамауға алынған Гүлмира Сатыбалдыны күзетпен ұстау мерзімі тағы ұзартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы сотының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2022 жылғы 9 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Г. Сатыбалдыға қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», - деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты
Еске сала кетейік, 18 наурыз күні Гүлмира Сатыбалды екі айға қамауға алынған болатын. Содан соң Гүлмира Сатыбалды 747 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергелді.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 15:50
Аптап ыстықтың беті қайта ма: алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды