$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысының тұрғыны сиырды көлікке тиеп ұрламақ болды

Күдіктіге қатысты «мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

Түркістан облысының тұрғыны сиырды көлікке тиеп ұрламақ болды

Түркістан облысының полицейлері рейдтік іс-шаралар кезінде мал ұрлығына қатысты күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Рейдтік іс-шара өткізу аясында Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ауыл тұрғынының малын ұрлап кеткен ер адамды қылмыс кезінде ұстады. Түнгі рейд кезінде тәртіп сақшылары күдікке ілінген Audi 100 көлігін тоқтатқан. Алайда жүргізуші заңды талаптарға бағынбай, барынша жасырынуға тырысқан. Алайда полицейлер жедел әрекет етіп, көлікті ақыры тоқтатқан.

«Көлік құралының артқы орындығын тексеру кезінде полиция қызметкерлері ірі қара малды тапты. Белгілі болғандай, сиыр ұрланған. Күдікті жергілікті тұрғынның малын ұрлап, үйінде жасыруға тырысты. Ұрланған сиыр заттай дәлел ретінде тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары