$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда 11 жасар бала құрылысы аяқталмаған ғимараттың лифт шахтасына құлады

Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресіп жатыр

Қарағандыда 11 жасар бала құрылысы аяқталмаған ғимараттың лифт шахтасына құлады

11 жастағы бала қала орталығындағы құрылысы аяқталмаған ғимараттың лифт шахтасына құлап, ауыр жарақат алды. Полицияның мәліметінше, жазатайым оқиға 3 шілдеде күндізгі 15.14-те болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

«Бала бірден медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлайды Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бала облыстық балалар клиникалық ауруханасында жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты ауыр екенін айтқан.

Өз кезегінде полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде. Ғимараттың толығымен салынып бітпегені белгілі. Ол жеке меншіктің иелігінде және айналасы профлистпен қоршалған. Бірақ жақын маңдағы үйлердің тұрғындары байқағандай, балалар кейде оның аумағына кіріп, сол жерде ойнайтын көрінеді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Қарағанды #лифт