Алматыда ағаштардың арасынан қапқа салынған қару-жарақ табылды
Қару-жарақ арсеналы кімге тиесілі екені және қайдан шыққаны тергеу әрекеттерінен кейін белгілі болады
Алматы қаласы Медеу ауданының Сахариев көшесінің маңында ағаштардың арасынан қапқа салынған қару-жарақ табылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы қаласы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлеріне қару-жарақ жасырылған орын туралы хабарлама келіп түскен. ҚР ҰҚК департаменті қызметкерлерімен бірлесіп өткізілген жедел тексеріс барысында, ақ түсті қапқа салынған қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды.
12 калибрлі тегіс ұңғылы 2 мылтық, 12 калибрлі тегіс ұңғылы «Макаров» тапаншасы, «Форт 17Т» маркалы травматикалық тапанша, РГД – 5 гранаталары, 12 калибрлі 13 дана патрон, 9 мм 15 дана патрон, қуаттандырғышы бар «Kirisun» рациясы тәркіленді.
Барлық тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.
Аталған дерек Медеу аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 287- бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.