Клиенттерін қосымша тауарлар мен ақылы қызметтер алуға мәжбүрлеген автосалондардың тізімі жарияланды
Автосалондар монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны белгілі болды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің тексеруі нәтижесінде ірі автосалондардың монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жаңа автокөліктерді сату нарығындағы бәсекелестік жағдайын талдау нәтижелері, сондай-ақ Алматы қаласы прокуратурасының материалдары негізінде, «Astana Motors Motor Company» ЖШС (Hyundai Premium Almaty, Hyundai Auto Almaty, Hyundai Premium Batys, Сүйінбайдағы Toyota Center), «Orbis Auto» ЖШС (Nissan Center, Toyota City, Volkswagen Center) және «Toyota Tsusho Kazakhstan Auto» ЖШС (Toyota Center Жетісу, Lexus Center Алматы) әрекеттеріне қатысты, үстем жағдайды теріс пайдалану бөлігінде, тұтынушыларға қосымша тауарларды таңу және автокөліктерді сату бойынша қызметтер көрсетуде, Қазақстан Республикасының бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілері анықталды», - деп көрсетті Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.
Аталған нарық субъектілеріне мұндай бұзушылықтарды тоқтату және олардың алдағы уақытта орын алуына жол бермеу қажеттігі туралы хабарламалар жіберілді.