$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мысық асырайтын теміртаулық тұрғынның үйін тарақан басқан

Тұрғындар әкімдіктен көмек сұрады

Теміртау тұрғыны тұрғылықты ауданның маңайындағы мысықтарды өз үйіне жинап, салдарынан пәтерінде тарақандардың қаптап кетуіне жол берген.   

Көршілерінің айтуынша, пәтерден шығатын жағымсыз иіс бүкіл кіреберіске тарайды екен.Тұрғындар антисанитариялық пәтерден келетін тарақандарды уландырудан әбден шаршағандарын айтады.

«Біз полициядан, әкімдіктен, дәрігерлерден көмек сұраймыз. Бұл әйел сау емес. Оны емдеу керек. Ол пәтерді инфекциялар ошағына айналдырды. Оның пәтерінде ондаған мысық бар. Тарақандардың саны өте көп», - дейді тұрғындар.

Десе де әйелдің көршілері оның үйіне кіріп, пәтерін жинастыруды талап еткен. Өз кезегінде келіншек келгендерді қуып шықпақ болған, алайда тұрғындар өз дегендерінен қайтпай, үй иесіне тазалық жұмыстарын жасатқызған.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Теміртау