03.02.2020, 08:50
Жаңалықтар
Коронавирус құрбандарының саны 361 адамға жетті
1 тәулікте 2 829 адам ауруды жұқтырған
Қытайда жаңа коронавирусты жұқтырғандар саны 17 205 адамды құрады. Олардың 361-і қайтыс болған деп хабарлайды РИА Новости ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетке сілтеме жасап.
Айта кетейік, бір күн бұрын ауруды жұқтырғандар саны 14 380-ді құрап, 308 адам вирус құрбаны болған еді.
«2 ақпан түнгі сағат 12-дегі жағдай бойынша, елдің 31 провинциясында 17 205 адамның ауырғаны расталды. Олардың 2 296-сы ауыр халде жатыр. 361 адам қайтыс болған, тағы 475-і ауруханадан емделіп шықты», - делінген аталған хабарламада.
Яғни, бір тәулікте 2 829 жаңа дерек тіркелген. Олардан бөлек, 15 алам Гонконгте, 8 адам Макаода және 10 адам Тайваньда ауру жұқтырған.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты