$ 513.68  583.03  6.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды облысында 200 гектар орман өртеніп жатыр

Оқиға орнына ТЖД мен №52859 әскери бөлімінің күштері жұмылдырылды

Қарағанды облысында 200 гектар орман өртеніп жатыр

Қарағанды облысындағы өртті сөндіру үшін ҚР ТЖМ тікұшағы тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«4 шілде сағат 12:02-де 112 пультіне Қарағанды қаласының Осевая көшесі жанында «Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы» КММ аумағында шөптер мен ағаштардың жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрттің алдын ала аумағы 200 гектарды құрайды. Алайда қатты жел болғандықтан оны сөндіру қиындық тудыруда.

Өртті жоюға ТЖ департаментінің, орман шаруашылығының, ҚР ТЖМ №52859 әскери бөлімінің, жергілікті атқарушы органдардың 200 адамы мен 40 бірлік техникасы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлерінің күшімен саяжайлардағы тұрғындар эвакуацияланды. Өртті сөндіру үшін Нұр-Сұлтан қаласынан су ағызу құрылғысы бар МИ-875 тікұшағы жіберілді», - деп мәлімдеді ҚР ТЖМ.

Сондай-ақ сағат 13:22-де «Восток-3» шағын ауданындағы орман аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына ТЖД мен №52859 әскери бөлімінің күштері жұмылдырылды. Өрттің аумағы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары