$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде балаларына 5 жыл бойы алимент төлемей жүрген әке анықталды

Жыл басынан бері полицейлер алимент төлемеген 100-ден астам адамды анықтады

Семейде балаларына 5 жыл бойы алимент төлемей жүрген әке анықталды
Фото ашық дереккөзден

Семейде балаларына 5 жыл бойы алимент төлемей жүрген әке анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

“Нелегал-2022” жедел алдын алу шарасы аясында Семей қалалық Полиция басқармасының Көші-қон қызметінің қызметкерлері алимент төлемей жүрген, өзінің 7 және 9 жастағы кәмелетке толмаған балаларына 5 жыл бойы ақша төлемеген, оларға 5 миллион теңге қарыз болған адамды анықтады.

«29 маусымда іздестіру іс-шаралары барысында Көші-қон қызметінің қызметкерлері бір тәулік ішінде іздестіру бастамастан Бородулиха ауданында алимент төлеуден жалтарған 29 жастағы азаматтың тұрған жерін анықтады. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады», – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

 Жыл басынан бері полицейлер алимент төлемеген 100-ден астам адамды анықтады. Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда ҚР ӘҚБтК 669-бабы бойынша және ҚР ҚК 139-бабы бойынша жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Семей #алимент