$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда қоқыс арасынан Мемлекеттік елтаңба табылды

Полицейлер Мемлекеттік рәміздерді қорлағандарды іздеуде

Павлодарда қоқыс арасынан Мемлекеттік елтаңба табылды
pavlodarnews.kz

Павлодарда қоқыс арасынан Мемлекеттік елтаңба табылды. Қазір полицейлер мемлекеттік рәміздерді қорлағандарды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Pavlodarnews.kz сайтының хабарлауынша, ақпаратты тексеру үшін Павлодар қаласының ақпараттық және әлеуметтік даму бөлімі және Ішкі саясат бөлімі өкілдері бар жұмыс тобы оқиға орнына барған. Қоқыс полигоны алюминий зауытынан он шақырым жерде орналасқан болып шықты.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары мемлекеттік рәміздерді дұрыс қолданбаған тәртіпбұзушыны іздестіріп жатыр.

"Жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, Қылмыстық кодекстің 372-бабы "Мемлекеттік рәміздерді қорлау" бойынша соталды тергеу басталды", - деді облыстық Полиция департаменті өкілдері.

Серіктес жаңалықтары